Балабақша туралы мәлімет » «Айсерік» бөбекжай-бақша»
«Айсерік» бөбекжай-бақша»
Майлыошақ филиалы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:170441010486
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 820-94-96
"Әдіскер:
+7(705) 820-94-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балабақша туралы мәлімет
13
маусым
2026

Балабақша туралы мәлімет

Бақша ғимараты бір қабатты. Балабақша қуаттылығы 70 орындық, балабақша 2017 жылы ашылып, жаңа ғимаратқа 2025 жылы көштік, қазіргі таңда 70 баламен, 3 топ жұмыс жасайды. 
Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. 
Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. 
Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілінде тәрбиеленуде. 
Бақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші, әдіскер бөлмесі, қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. 
Жылу жүйесі 2 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жүйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен ,   жабдықталған. 
      Бақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив